Үкімет 89 функциясын министрліктерге береді
Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етпек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Заң жобасы шеңберінде 94 функция қайта бөлінеді. Оның ішінде Үкіметтен министрліктерге 89 функция, жергілікті атқарушы органдарға 5 функция беріледі. Сонымен қатар төрт мемлекеттік орган қосымша өкілеттіктер алады», - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.
Заң жобасы бойынша қорытындыда мемлекеттік органдар арасында қандай функциялар қайта бөлінетіні айтылған.
Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруда кезекті қадам болатынын және оның дербестігін одан әрі арттыруға ықпал етпек.
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.