ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирустың «үнді» штамы тіркелген жоқ - ДСМ

Министр зерттеу қорытындысын жариялады

көрнекі фото

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағында коронавирустың «үнді» штамы тіркелмегенін мәлімдеді.

«Жаңа мутацияларды анықтау мақсатында республика аумағында таралып жатқан коронавирустың штамдарына генетикалық зерттеулерді тұрақты негізде жүргізіп отырамыз. Сәуір айында анықталған үлгілерді зерттеу қорытындысында «британдық» штамм 30 пайыз, ал «үнді» штамының айналымда болуы анықталған жоқ», - деді министр.

Қазақстан үнді штаммы енуіне жол бермес үшін тиісті шараларды қолға алды. Оған сәйкес, Қазақстанға Үндістан мен Мальдив аралдарынан ұшып келген жолаушылар екі апта үй карантинінде отыруға міндеттелді. Бұл ереже Үндістаннан үшінші елдер арқылы келетін азаматтарға да қатысты.