Халықаралық компания басшысы Созақ ауданындағы уран өндіру жоспарын таныстырды

Автор: Azattyq Rýhy

Асқар Мамин Orano атом компаниясының басшысы Клод Имовенмен кездесті

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Orano директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесті.

Клод Имовен Үкімет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында табиғи уранды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі «КАТКО» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнының ҚР-дағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды.

Асқар Мамин «КАТКО»-ның ҚР-да уранды қайта өңдеу бойынша ғылыми әзірлемелерге, заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануға, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ адами капиталдың сапасын арттыруға инвестиция салуының маңыздылығын атап өтті.