$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2021, 13:05
Үкімет

Татарстанда болған жағдайдан сабақ алуымыз керек - Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі осы мәселеге қатысты кеңес өткізді

Татарстанда болған жағдайдан сабақ алуымыз керек - Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов, фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрі Қазан қаласындағы мектепте болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық. Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім. Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым», - деп жазды министр.

Министр балалардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасау қажеттігіне тоқталды

«Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселері ғана емес. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекеттерге байланысты. 

Психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек. Бұл үлкен және бірлескен жұмыс», - деді министр.

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары да Қазан қаласындағы №175 мектепте болған қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан мектептеріндегі қауіпсіздік мәселесін көтерді.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепке қару асынған адам кіріп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан 11 адам қаза тауып, зардап шеккен тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары