Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша - заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының м. а. болып бастаған.
2004-2011 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.
2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму Банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды.
2014-2016 жылдары — «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры.
2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.