$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2021, 18:46
Үкімет

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Асқар Маратұлы бұған дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары болған

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Асқар Маратұлы, фото: gov.kz

Асқар Маратұлы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен хабарланды.

А.Маратұлы 1976 жылы туған. Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (көліктегі экономика және менеджмент), сондай-ақ Л. Гончаров атындағы Қазақ жол-көлік университетінде (автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы инженері) оқыған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастады. 1998-2002 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі қызметтер атқарды.

«Қазавтожол» РМК-ның Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстық филиалдарында жұмыс істеді.

2007-2012 жылдары – Астана қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде сарапшы, Жамбыл облыстық Қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары.

2012-2015 жылдары – Ақмола облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2015-2017 жылдары – Зеренді ауданының әкімі.

2017-2019 жылдары – Ақмола облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2019 жылдың 3 сәуірінен бері Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары