«Ң» әрпі өзгерген: латын әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы ұсынылды

Жаңа нұсқада 31 әріп, қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған

«Ң» әрпі өзгерген: латын әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы ұсынылды
көрнекі сурет

«Ашық НҚА» порталында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президенті жарлығының жобасы жарияланды.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» қаулыға сәйкес, Үкімет қазақ тілінің латын графикасына негізделген емле қағидаларын бекітуі керек.

Қоғамдық талқылау мерзімі - 2021 жылдың 6 мамырына дейін. 

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді.

Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойған жағдайда, латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мынадай болады:

2017 жылы Елбасының бастамасымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралды.

Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.