Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметінің екі негізгі бағыты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес бойынша міндеттерді белгіледі.
Құқық бұзушылық профилактикасы саласында:
- неғұрлым криминогенді учаскелерде стационарлық бекеттер орнату, сондай-ақ үйлердің аулаларында, саябақтарда, скверлерде жаяу патрульдеу есебінен “жұртқа жақын полиция” қағидатын іске асыруды қамтамасыз ету;
- қоғамдық орындарда, елді мекендерде және жолдарда полицияның жедел басқару орталықтарымен ықпалдаса отырып, зияткерлік қауіпсіздік жүйелерін дамыту бойынша шаралар қабылдау;
- учаскелік полиция пункттері желісін дамытуды қамтамасыз ете отырып, учаскелік инспекторлар қызметінің жарақтандырылуын арттыру;
- жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жол инфрақұрылымын бақылауды күшейту;
- қылмыстық-түзеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау енгізу.
Қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша:
- қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасы мен ашықтығын жақсарту;
- киберқылмыспен күрес бөлімшелерін білікті IT-мамандарымен, интернет-алаяқтыққа қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық жабдықтармен нығайту;
- есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту, синтетикалық есірткілердің, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы таралуының жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау.