19.04.2021, 14:36
Үкімет
Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысы 21 сәуірде өтеді
Келімбетовке ұлттық жобалардың тізіміне қатысты бірқатар тапсырма берілд
Фото: akorda.kz
Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады.
Кездесу барысында 21 сәуір күні өтетін Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысының күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, ұлттық жобаларды, оның ішінде, цифрландыру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту салаларындағы бағдарламаларды әзірлеу тәсілдері қаралды. Мемлекет басшысына Әлеуметтік кодекске және «жаңадан» реттеу тетіктеріне қатысты ұсыныстар туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке ұлттық жобалардың тізімін және оларды қарастыру тәртібін пысықтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды