$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2021, 16:02
Үкімет

Бекболат Тілеухан ұрығын саудалайтындарға қатысты мәселе көтерді

Депутат бір әкеден туған адамдардың үйленуіне жол бермеуге шақырды

Бекболат Тілеухан ұрығын саудалайтындарға қатысты мәселе көтерді
Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Қазақстан бойынша аталық және аналық ұрықтың бірыңғай базасын құруды және бірнеше донор болуға тыйым салуды ұсынып, вице-премьер Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.

«Заң бойынша 35 жасқа дейінгі ер адам анонимді түрде донор бола алады. Дені сау, дене бітімі қалыпты дамыған, генетикалық сараптамасы жақсы болса, аталық ұрығын тапсыра алады. Шектеу жоқ, қанша рет тапсырса да, өз еркі. Каталогта донор иесінің жүзі, руы, бойы, салмағы, мамандығы көрсетіледі, ұнағанын таңдап аласыз», – дейді депутат.

Мәжіліс депутаты жылына бір ғана клиниканың өзінде қолдан ұрықтандыру жолымен 70 бала дүниеге келетінін айтты.

«Бұл еліміздің әр түкпіріндегі 20 отбасында бір әкеден 20 бала дүниеге келгенін білдіреді. Алайда, олар өскенде бір-бірін жолықтырып, отбасын құруы әбден мүмкін ғой. Мұнда әйелдер қауымы да бар, сондықтан егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын. Менің ойымша, бұл бір әкеден туған адамдардың үйленуіне жол бермеу, науқас балалардың санын азайту үшін көтеріліп отырған өте маңызды мәселе. Сондықтан болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін мынандай ұсынысты алға тартамын: Қазақстанда адам ұрығы бойынша тек бір база болуы керек. Донорлар сперматозоидты тек сол жерге ғана өткізуі тиіс, тек осы базадан ақпарат алыну керек», - деді депутат.

Бекболат Тілеухан бір адамның ұрығын екі адамнан артық қолдануға болмайды деген ұсынысын айтты.

Серіктес жаңалықтары