Қазақстанда полиция басшыларын даярлайтын факультет ашылды

Оқу бағдарламасы үш айға есептелген

Қазақстанда полиция басшыларын даярлайтын факультет ашылды
көрнекі сурет

ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында ішкі істер органдарының басшылық құрамын даярлау факультеті ашылды. Факультеттің ашылу рәсімінде (онлай) Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құттықтау сөз сөйледі.

«Ішкі істер министрліктерінің басшы құрамын даярлау бойынша арнайы оқу орындарының әлемдік практикасы зерделенді. Ұлыбритания, Германия, Жапония және Ресейдің озық тәжірибесі негізге алынды. Аталған елдерде басшылық құрам басқарушылық, техникалық және коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық қабілеттерді дамыту бойынша жүйелі түрде оқытылады», – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Оқу бағдарламасы үш айға есептелген. Факультет тыңдаушылары ауқымды бағыттар бойынша (геосаясат, жобалық басқару, қызметкерлермен жұмыс, психологиялық дайындық, IT-сауаттылық, қаржылық сауаттылық) 12 модульді оқиды.

Курсты жақсы аяқтау қызметте өсуге - ІІМ орталық аппараты департаменттерінің басшылары мен аумақтық бөліністердің бірінші басшылары лауазымдарына қызметке тағайындау кезінде септігін тигізбек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.