Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Кеңестің төрағасы - Қасым-Жомарт Тоқаев, орынбасары - Сэр Сума Чакрабарти

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау жəне экономикалық, əлеуметтік жəне саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құру жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы:

  • Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев - ҚР Президенті, төраға
  • Сэр Сума Чакрабарти - төрағаның орынбасары

Жоғары кеңестің мүшелері:

  • Асқар Ұзақбайұлы Мамин - ҚР Премьер-министрі
  • Ерлан Жақанұлы Қошанов - ҚР Президенті əкімшілігінің басшысы
  • Ерболат Асқарбекұлы Досаев – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы
  • Қайрат Нематұлы Келімбетов – ҚР Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігінің төрағасы
  • Мəдина Ерасылқызы Əбілқасымова - ҚР Қаржы нарығын дамыту жəне реттеу агенттігінің төрағасы
  • Əсет Өрентайұлы Исекешев – ҚР Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
  • Тимур Мұратұлы Сүлейменов – ҚР Президенті əкімшілігі басшысының орынбасары
  • Тимур Асқарұлы Құлыбаев – «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы