ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

АШМ Германиядан Ресей аумағына картоп жеткізу дерегін тексеріп жатыр

Ресей Қазақстаннан санкция салынған картоп жеткізілгенін мәлімдеді

көрнекі сурет

Биыл 16 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің (Россельхознадзор) Ақтөбе облысының фитосанитарлық сертификатымен Ресей Федерациясының аумағына санкциялық өнім жеткізу дерегін анықтау туралы хат келіп түсті.

Тексеру нәтижесі көрсеткендей, 60 тонна картопқа фитосанитарлық сертификат Кедендік одақ пен ЕАЭО нормаларына сәйкес рәсімделген. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осыған байланысты ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақтөбе облысындағы аумақтық инспекцияға хат жолдап, олардың 2 наурызда Ресей Федерациясының «РусЕвроплант» АҚ-на жіберу үшін «Kazeuroplant LLP» ЖШС-не 60 тонна картоптың фитосанитариялық сертификатын бергенін анықтады.

«Айта кету керек, мұндай құжатты ресімдегенде оның ЕЭК Кеңестің 2016 жылғы 30 қарашадағы №159 шешімімен бекітілген Кеден одағы комиссиясының № 318 шешіміне және ЕАЭО кедендік аумағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкестігі қатаң қадағаланады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аталмыш деректі тексеру жұмыстарын жалғастыруда, оның нәтижесі қосымша жарияланады.