Мұғалімдер ант бермейтін болды – Білім вице-министрі

Автор: Azattyq Rýhy

Әлі қабылданбаған заңға педагогтар қарсылық білдірген болатын

Kapital.kz

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады.

Енді құжат Сенатқа барып, сондағы депутаттардың талқылауынан өтеді. Аталған заң жобасы Мәжілісте талқыланғанда, оның ерекшеліктері туралы Azattyq Ruhy тілшісі жазған болатын. Ұстаздар наразылық танытқан тармақтардың бірі – мұғалімге ант қабылдату.

Бүгін құжат Мәжілістегі соңғы оқылымнан өткен соң, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асыловадан «Ант қабылдау» тармағы туралы сұрадық.

«Депутаттардың талап етуімен педагог мәртебесі туралы заң жобасынан ұстазға Ант қабылдату тармағын алып тастадық», - деді Бибігүл Асылова.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан