Ноттингем университетінің түлегі Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Автор: Azattyq Rýhy

Абзал Бейсенбекұлы 2010-2011 жылдары Қаржы министрлігінде жұмыс істеді

Фото: primeminister.kz

Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы аталмыш ведомствода аппарат басшысы қызметіне тағайындалады.

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, мемлекеттік саясат саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі, құқық бакалавры.

Еңбек жолын 2007 жылы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жетекші маман болып бастаған.

2008-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

2011-2019 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2019 жылғы сәуір-қыркүйек айларында «Жасанды зерде саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қоры» КҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2019 жылғы қазан айынан қазіргі уақытқа дейін жеке меншік секторда басшылық қызметтер атқарды.