Қазақстанда туризмді қолдауға 163 млрд теңге бөлінбек
Заң жобасы Мәжілістің екінші оқылымда мақұлданған

Қазақстанда 2025 жылға дейін отандық туризмді қолдауға 163,7 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов ведомствоның алқа отырысында мәлімдеді.
«Мәжіліске ұсыныс жасалды және алдын ала 2025 жылға дейін 163,7 млрд теңге сомасында қаржы бөлу мақұлданды. Іс-шаралар аясында туроператорларға әр шетелдік туристік және балаларға арналған ішкі рейстерге субсидия беру, инвесторларға туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу кезінде тау шаңғы курорттары мен туристік автобустарға жабдықтар сатып алу үшін өтемақы төлеу жоспарлануда. Сондай-ақ туристік бағыттардағы санитарлық-техникалық жабдықтарды күтіп-ұстауға субсидия беру қарастырылып отыр», - деді вице-министр.
Вице-министрдің айтуынша, заң жобасы Мәжілістің екінші оқылымда мақұлданған. Құжат жақын арада Сенатқа жіберіледі.