Жүзден астам адамның қаржылық шоты бойынша ақпарат алмасу басталады
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Министрдің айтуынша, биылдан бастап 100-ден аса елде қазақстандықтардың есепшотын іздей бастайды.
Осы ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойылған.
«Биылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоты бойынша ақпарат алмасу басталады», - деді министр Үкімет отырысында.