$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 11:40
Үкімет

Оқу курстары шипажайда емес, оқу орнында өтуі тиіс – Мәжіліс төрағасы

Мәслихат депутаттарын оқытуға 647 млн теңге қаражат бөлінбек

Оқу курстары шипажайда емес, оқу орнында өтуі тиіс – Мәжіліс төрағасы
көрнекі фото

Ұлттық экономика министрлігі мәлихат депутаттарының мәртебесін арттыруға 647 млн теңге қарастырмақ. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды.

Мәжіліс спикері Айгүл Нұркина өңірлердегі билік дербестігіне қатысты заңнаманы талқылау барысында Ұлттық экономика министріне сұрақ жолдады.

«Заңнамада мәслихат пен оның депутаттарының мәртебесін арттыру бойынша бірқатар түзетулер қарастырылған. Бұдан былай мәслихат депутатының тиісті бюджет қаражаты есебінен даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құқығы болады. Уәкілетті органның дерегі бойынша, бұл мақсатта 647 млн теңге бөлінбек. Сонымен қатар, заңнамада бұл норманың іс жүзінде қалай жүзеге асырылатыны көрсетілмеген», -  деді депутат.

Жаңадан тағайындалған министр өңірлік депутаттардың оқу жүйесіне қатысты сауалға жауап беріп, оқыту мемлекеттік басқару академиясының филиалдарында жүргізілетінін айтты.

«Мәслихат депутаттары бес жылда бір рет арнайы оқытудан өтетін болады. Оқу мемлекеттік басқару академиясының филиалдарында жүргізілмек. Бұл белгілі академиялық бағдарламадан өту жөніндегі оқу. Артынша арнайы диплом беріледі» - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Ведомство басшысының жауабына көңілі толмаған Мәжіліс төрағасы оқу курстарының көптігіне шүйлікті.

«Бұл жастардың жақсы көретін әдеті болып кетті. Бір жылдың ішінде 5 дипломнан алып, не істеп, не қойғанын өздері білмейді. Біліктілікті арттыру курстары Президент жанындағы білім беру ұйымдарында және филиалдарында өтуге тиіс, шипажайларда өтпеуі керек», - деді Нұрлан Нығматулин.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары