Индустрияландыру картасы аясында құны 2 трлн теңгені құрайтын 112 жоба іске асырылады – Үкімет басшысы

Автор: Azattyq Rýhy

13 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылы 65 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Осылайша еліміз жалпы құны 19 млрд теңгені құрайтын шетелдік инветицияны тартуды көздеп отыр. Ал 2025 жылға дейін бұл соманы 30 млрд долларға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Асқар Мамин Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Үкімет басшысы 2021 жылы қандай салаларға басымдық берілетінін тізіп шықты.

«Индустрияландыру картасы бойынша құны 2 трлн теңгені құрайтын 112 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 13 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде АӨК-не 154,5 млрд, металлургияға 675 млрд, құрылыс индустриясына 49,1 млрд, машина құрылысына 33,9 млрд, химия өнеркәсібіне 4,6 млрд, мұнай химиясына 941,1 млрд, жеңіл өнеркәсіпке 8,4 млрд, ағаш өнеркәсібіне 4,8 млрд, фармацевтикаға 6,2 млрд,өзге бағыттарға 50,4 млрд теңге қарастырылған», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, биыл туризм бағытын дамытуға 1,1 трлн теңге бөлінбек. Қаражаттың басым бөлігі Маңғыстау облысындағы демалыс нысандарын дамытуға көзделген. Бұдан бөлек экономиканы цифрландыру жүйесі де жетілдіріледі.  

«Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы элетронды форматқа ауыстырылады. 100-ден аса IT компаниялар ашылады», - деді Мамин.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан