$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2021, 11:37
Үкімет

2021 жылға жоспар: Қазақстанда 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Ол үшін бөлінген инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгені құрайды

2021 жылға жоспар: Қазақстанда 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Фото: ашық дереккөзден

Биыл Қазақстанда 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Құрылыс көлемін ұлғайту және тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында. Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгені құрайды», - деді Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылады. Сондай ақ, шара барысында алдағы кезеңге арналған жоспарлар мәлім болады.

12 қаңтарда премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің даму қортындылары мен алдағы міндеттері қаралатынын атап өтті.

18 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары