Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді
Бүгін құрамы жаңарған Үкіметтің алғашқы отырысы өтті
18 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Үкіметтің екі мүшесі тағайындалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Серік Шәпкенов, Ұлттық экономика министрі болып Әсет Ерғалиевті қызметіне кірісті.
19 қаңтарда құрамы жаңарған Үкіметтің алғашқы отырысында министр лауазымына кіріскен басшылар салтанатты түрде ант берді.
«Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!», - деді жаңа ведомство басшылары.
Жаңа Үкіметтің құрамы:
- Асқар Ұзақбайұлы Мамин – Премьер-министр
- Әлихан Асханұлы Смайылов – Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
- Роман Васильевич Скляр – Премьер-министрдің орынбасары;
- Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Премьер-министрдің орынбасары;
- Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
- Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Премьер-министр кеңсесінің басшысы;
- Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қорғаныс министрі;
- Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Ішкі істер министрі;
- Аида Ғалымқызы Балаева – Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
- Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Ауыл шаруашылығы министрі;
- Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Әділет министрі;
- Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Білім және ғылым министрі;
- Алексей Владимирович Цой – Денсаулық сақтау министрі;
- Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
- Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
- Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қаржы министрі;
- Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова – Мәдениет және спорт министрі;
- Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Сауда және интеграция министрі;
- Юрий Викторович Ильин – Төтенше жағдайлар министрі;
- Әсет Арманұлы Ерғалиев – Ұлттық экономика министрі;
- Бағдат Батырбекұлы Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
- Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
- Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Энергетика министрі.