Бүгін Үкіметте журналистердің сұрағына жауап берген цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бұл процесті тежеп отырған фактіні атады
Министрдің айтуынша, мемлекеттік орган орналасқан ғимарат басшылары полициямен арада құжатқа қол қоюы керек.
«Мемлекеттік органдар орналасқан ғимарат басшылары полициямен арнайы инструкцияға қол қоюы керек. Қол қойылған соң мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа емен еркін смартфондарын алып кіре берсе болады», - деген министр бұл жуық арада аяқталатын процесс деді.
Ал, ақпараттық қауіпсіздік әлі де болса сол мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік орган жетекшісінің мойнында болады.
«Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түспейді. Жауапкершілік толықтай әрбір мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік орган жетекшісінің мойнында», - деді ол.
Бұған дейін вице-министр Абылайхан Оспанов смартфон ұстауға шектеу қоймайтын қаулы Үкіметке енгізілгенін хабарлаған еді.
Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан