Ол Рождествоның жанашырлыққа үндейтінін айтты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанның православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын. Мейірім мен сүйіспеншілік, әділдік тәрізді мәңгілік құндылықтардың нышанына айналған ізгі мейрам жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді. Сенім адамдарды рухани жетілуге әрі игілікті істерге жетелейді», - дейді Премьер-Министр.
Оның айтуынша, Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түсетін жарқын да ізгі мерекелердің бірі.
«Православ христиандарына, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық және игілік тілеймін! Мереке әр шаңыраққа шаттық пен бақыт сыйласын», - деді Асқар Мамин.