22 желтоқсан - архивші күні
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы заңының 4-бабына сәйкес Үкімет қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі тағы бір атаулы күнмен толығып, 22 желтоқсан – архившілер күні болып бекітілді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың сәуірінде Қазақстанда «Архив-2025» атты жеті жылдық бағдарлама әзірленді. Бағдарлама негізінде ел қызметінде жүрген тарихшылар, мәдениеттанушылар мен деректанушылар отандық және шет елдік архивтермен тығыз қатынас орнатып, ұзақ мерзімді іздеу-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын болады. Белгіленген жеті жыл уақыты аралығында жинақталған деректер мен құнды материалдар архивте сақталып қана қоймай, толықтай цифрланып, оқырман назарына ұсынылады.