Қазақстанда құрастырылған тікұшақтың алғашқы партиясы тапсырылды
Тікұшақтың тұсаукесері 12 желтоқсанда Алматы қаласында өтті
Алматы қаласында «№ 405 авиажөндеу зауытында» Төтенше жағдайлар министрлігіне арнап жасалған Ми-8АМТ тікұшағының бірінші партиясы салтанатты түрде тапсырылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстанның мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.
Ми-8АМТ – көп мақсатты, екі қозғалтқышты тікұшақ. Көптеген азаматтық және әскери тапсырмаларды орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.
Құрастырылған тікұшақтар жолаушы мен жүк тасымалдау, авариялық-құтқару жұмыстары, ормандарды күзету, өрт сөндіру, санитариялық авиация қызметтерін көрсету, сонымен қатар құқық қорғау жұмыстарын орындау бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге арналған.