Гуманитарлық жүкте 400 дана өкпені жасанды желдету аппараты бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жіберді.
Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 млн теңгеге жуық, атап айтқанда, «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» ӨЖЖ аппараттарының құны – 328 млн теңге, «Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық бетперделер құны – 61 млн теңге.