$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2020, 17:27
Үкімет

Коронавирусқа қарсы вакцина мұнай-газ нарығын жандандыруы мүмкін

Энергетика министрі мұнай-газ саласына әсер ететін факторларды айтты

Коронавирусқа қарсы вакцина мұнай-газ нарығын жандандыруы мүмкін
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, фото авторы: Батыржан Беспаев

Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу мұнай-газ нарықтарын жандандыруға көмектеседі. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мұнай-газ саласы – «сезімтал» сала. Мұнай және газ - биржалық тауар. Жалпы дамуға, экономикаға да, саяси факторларға да әсер ететін кез келген оқиға, нақты сәттер — мұның бәрі мұнай бағасына әсер етеді», - деді Ноғаев.

Ол ірі мемлекет басшыларының мәлімдемесі, шешімдері бағаның қалыптасуына тікелей әсер ететінін айтты. Сондай-ақ министр биыл Қазақстан резервуарлардың толып кетуіне және кен орындарының тоқтап қалуына жол бермеу үшін өндіріс көлемі 5 млн тоннаға дейін азайтылғанын жеткізді.

«Бұл - ОПЕК+ келісімі аясында жасалған қажетті шара. Біз келісімді ұстанамыз. Сарапшылар көптеген елде әзірленіп жатқан коронавирусқа қарсы вакциналар нәтижесін беріп, экономикалық белсенділікті арттырады деп болжайды. Біз вакцина ойлап табылатынына үміттенеміз», - деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, қараша айының ортасында өткен ОПЕК мүшелерінің кездесуінде мұнай-газ саласының дамуына әсер ететін барлық ықтимал тәуекелдер талқыланған.

«ОПЕК мүшелерінің министрлік кездесуі осы айда болды, барлық мүмкін оқиғалар талқыланды. 1-2 желтоқсандағы кездесуде биылғы жылы қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтау туралы мәселе шешіледі», - деді Ноғаев.

Сымбат Ғалымжанқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары