$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2019, 17:41
Үкімет

Қазақстан мен Әзербайжан премьерлері Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты

Талшықты-оптикалық байланыс желісі 2021 жылдың соңында пайдалануға беріледі

Қазақстан мен Әзербайжан премьерлері Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин және Әзербайжан үкіметінің басшысы Али Асадов Ақтау қаласында, Каспий теңізінің түбінде екі елдің бірлескен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic» (TCFO) салуды бастау бойынша салтанатты рәсімге қатысты.

Бұл трансұлттық жоба және Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық телекоммуникациялық дәлізді құрайды. Каспий теңізінің түбінде ұзындығы 380-400 шақырымға жуық болатын кабель тарту жұмыстарын «Транстелеком» АҚ, «KazTransCom» АҚ және «AzerTelecom» әзербайжан байланыс операторы жүзеге асырады. ТОБЖ 2021 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, ол кемінде 4-6 терабит/с сыйымдылықпен ақпарат жеткізуге мүмкіндік береді.

«Үкімет басшысы Асқар Мамин «Trans Caspian Fiber Optic» бірлескен жобасы деректерді берудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамытудың жоғары деңгейіне шығуға, жетекші Еуропа-Азия магистралды бағыттарының қатарына кіруге және әлемдік деректер транзитінде лайықты орын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті», - деп хабарлайды primeminister.kz.

Серіктес жаңалықтары