Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енді
Қаулы күнтізбелік 10 күннен соң күшіне енеді
Үкімет қаулысымен Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.
«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде: «Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс – Млекопитающие» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен толықтырылсын», - делінген қаулыда.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.