Асқар Мамин Қырғызстан премьер-министрімен сөйлесті

Автор: Azattyq Rýhy

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Қырғыз үкіметінің басшысы және президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен сөйлесті. Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болған.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО және ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрестегі тәжірибе қаралды.