$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2020, 16:10
Үкімет

Тоқаевқа әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы жөнінде баяндалды

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады

Тоқаевқа әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы жөнінде баяндалды
Фото: akorda.kz

ҚР Президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қазақстан Қарулы күштерінің негізгі даму бағыттары жөніндегі баяндамасын тыңдады. Бұл ретте қазіргі әскери қақтығыстардың тәжірибесі сөз болды.

Кездесу барысында Қазақстан армиясының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жетілдірудің перспективалары және әскерді ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары сияқты заманауи қару-жарақ түрлерімен жабдықтау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына халықаралық әскери ынтымақтастық пен бітімгершілік іс-қимылдардың ахуалы туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскери қызметшілердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды сапалы киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндалды.

Жоғарғы Бас қолбасшы талқыланған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, Қорғаныс министрлігінің әскери алқа отырысын ұйымдастыруға тапсырма берді. Жиында 2020 жылғы әскери дайындықтың қорытындылары жасалып, алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер айқындалады.

Серіктес жаңалықтары