$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.10.2020, 23:58
Үкімет

Асқар Мамин Түркияның қорғаныс министрін қабылдады

Тараптар екі елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады

Асқар Мамин Түркияның қорғаныс министрін қабылдады
Фото: priminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркия Республикасының Қорғаныс министрі Хулуси Акарды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. 

«Екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуде біздің мемлекеттеріміздің басшылары арасында қалыптасқан достық қарым-қатынас үлкен рөл атқарады. Екіжақты форматта қарқынды жүргізіліп жатқан сындарлы диалогпен қатар БҰҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ және АЫСШК шеңберіндегі практикалық өзара іс-қимыл табысты дамуда», - деді Мамин. 

Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің топ 10 елінің қатарына кіреді. ҚР мен ТР арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша $3 млрд-тан асты. Ағымдағы жылдың 8 айында екіжақты сауда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға өсіп, $2,1 млрд құрады, ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны $3,7 млрд-тан асты. 

Тараптар екі елдің әскери білім беру және қорғаныс-өнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде түрік компанияларының ҚӨК саласында бірқатар инвестициялық жобаны іске асыруын талқылады. 

Серіктес жаңалықтары