Бір жылда үш рет қызмет ауыстырған Әсем Нүсіпова туралы не білеміз?
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Нүсіпова Әсем Бекқызы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған.
1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (экономика), 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.
2001-2003 ж. ж. Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі;
2003-2005 ж. ж. - ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі;
2005 ж. - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі;
2005-2007 ж. ж. - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі;
2007-2008 ж. ж. - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі;
2008-2016 ж. ж. - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
2016-2019 ж. ж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2020 ж. - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты;
2020 жылдың шілдесіен бастап қазірге дейін - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.