Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында туған
Асқар Биахметов ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында туған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (қаржы және несие), ҚАЗГЗУ (Құқықтану), ҚР Президенті жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын (саясаттану) және Дьюк университетін тәмамдаған.
1993–2004 ж. ж. - облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ПК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2004–2009 ж. ж. - Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінің бастығы;
2009–2014 ж. ж. - ҚР Конституциялық Кеңесі бөлімінің меңгерушісі;
2014–2015 ж. ж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры;
2015–2018 ж. ж. - Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары;
2019–2020 ж. ж. - ҚР Премьер-министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды.