$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 10:44
Үкімет

Коронавирус жұқтырған 5 мыңға жуық дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Індеттен қайтыс болған 49 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Коронавирус жұқтырған 5 мыңға жуық дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды
Фото: Нұрдаулет Әбікеев

9 қазан күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 4921 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 49 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (945) және Алматы (544), Шығыс Қазақстан (446), Атырау (261), Ақмола (410), Қарағанды (409) облыстарының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

8 қазанда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қызмет бабында жүріп коронавирустан қайтыс болған 182 дәрігердің отбасына өтемақы беруді 13 қазанға дейін аяқтауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары