Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың қарызы 8 млрд теңгеден асты

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпорындар қарызды отын үшін алған

Фото: Батыржан Беспаев

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев энергия өндіруші кәсіпорындардың отын үшін кредиторлық берешегі туралы айтты.

«Осы жылдың 28 қыркүйегі жағдайында энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алдындағы берешегі 4 млрд 600 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь Көмір» серіктестігі алдындағы жалпы сомасы 3 млрд 562 млл теңге берешегі бар», - деді министр.

Энергетика министрі қарыздарды жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.