Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Жағдай қайта нашарлады: Қазақстаннан шетелге ұшатын рейстерге шектеу қойылуы мүмкін

Сондай-ақ, шетелден келетіндер де қатаң бақылауға алынады

Шет мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдайдың қайта нашарлауына байланысты 5 қазаннан бастап Қазақстаннан шетелге ұшатын әуе рейстерін уақытша тоқтату туралы ұсыныс енгізілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Ұсынысты министр Алексей Цой енгізген.

Ведомство басшысының пікірінше, қазақстандықтар шетелден вирус тасымалдауы мүмкін. Сондықтан, Түркияға және ұшуға рұқсат етілген өзге мемлекеттерге қатынайтын әуе рейстерінің санын азайтып, қалған елдермен әзірге әуе байланысын тоқтату қажет деп есептейді ведомство басшысы.

Ал вирус таралу көрсеткіші екінші деңгейлі елдерден келетін азаматтардан термометрия, анкета, COVID-19 вирусын жұқтырмағаны туралы анықтама (жарамдылық мерзімі – 3 тәулік) талап етіледі.

Медициналық анықтамасы жоқ жолаушылар карантинге оқшауланып, 2 күн бойы тексеруден өтеді.