$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2020, 18:20
Үкімет

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері тағайындалды

Бұған дейін Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінде Айжан Есмағамбетова болды

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның Бас мемлекеттік бас санитар дәрігері болып тағайындалды.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы;

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары