01.09.2020, 11:48
Үкімет
Тоқаев «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» холдингтерін біріктіріп, штат санын 50%-ға қысқартуды тапсырды
Президент екі холдингті біріктіре отырып, қаржылық мүмкіндігі зор бір мекеме құруды тапсырды
Еліміздегі ең ірі холдингтер – «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» бірігетін болды. Бұл туралы бүгін халыққа жолдау жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді.
Жалпы, Тоқаевтың айтуынша, кезінде құрылған екі компания Қазақстандағы индустрияландыру жұмыстарына ерекше үлес қосқан.
«Қазір біз мүлдем басқа жағдайда тұрмыз. «Бәйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтерін біріктіріп, қаржылық мүмкіндігі анағұрлым зор мекеме құру керек. Осы ретте штат санын 50%-ға қысқарту керек», - деп тапсырма берді Тоқаев.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады