Мамин: Ата Заң еліміздің дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды
Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп жазады primeminister.kz.
«Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды», - деп жазылған құттықтау хатта.
Ол мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!», - деді Мамин.