Халықаралық терминал: Бектенов Алят, Свислочь және Селятино жайлы сөз қозғады

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы ол бүгін үкіметте айтты 

Фото: үкімет

Бүгін үкіметте премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық терминалды дамыту туралы тапсырма беріп, Астана, сондай-ақ шетелдік Алят, Свислочь және Селятино қалаларындағы терминалдар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы орайда, жүк ағындарын Қазақстан аумағы арқылы қайта бағыттауға мүмкіндік беретін халықаралық терминал желісін кеңейту керек. Көлік министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, 2027 жылдың 1-ші шілдесіне дейін Астана қаласында, сондай-ақ шетелдік Алят, Свислочь және Селятино қалаларында терминал желісін жүзеге асыруды аяқтауға тиіс. Бұдан бөлек Будапешт, Чэнду және Констанца қалаларында іске асыруға кірісу қажет», - деді Бектенов бүгін үкімет отырысында.

Бұл жобалар еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді, деген сенімін білдірді премьер.