Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін көлік-логистикалық цифрлық деректер базасы құрылады

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында белгілі болды

Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін көлік-логистикалық цифрлық деректер базасы құрылады
Фото: үкімет

Елімізде 2026 жылдың соңына дейін көлік-логистикалық тізбекті басқаруды жеңілдететін бірыңғай цифрлық деректер базасы құрылады.  Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласын дамыту үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қытай, Жапония, Еуропалық Одақ көлік саласында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Олар пойыздардың қозғалыс кестесін оңтайландыруға, бос тұрып қалу уақытын қысқартуға, өткізу қабілетін және желіні күтіп-ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Көлік министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін бүкіл көлік-логистикалық тізбекті нақты уақыт режимінде басқаруды жеңілдететін база құру керек», - дейді Бектенов.

Жалпы, оның айтуынша, министрліктің алдында теміржол көлігіндегі қызмет көрсету сапасын жақсарту, транзиттік және экспорттық жүк тасымалдарын арттыру міндеттері тұр.