Бектенов «ҚТЖ» басшысының жоспардан қалып келе жатқанын айтып, сынады

«Қазақстан темір жолы» транзиттің көлемі бойынша 30 пайызға артта келеді

Бектенов «ҚТЖ» басшысының жоспардан қалып келе жатқанын айтып, сынады
Фото: үкімет

Бүгін үкімет отырысында премьер-министрі Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» компаниясы транзиттік тасымал көлемі бойынша артта келе жатқанын ашық айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Премьер-министр «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің «әдемі» баяндамасын тыңдағаннан кейін оған сұрақ қойып, әрі ескерту жасады.

«Сіздің алдыңызда транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға жеткізу мақсаты тұр. Алайда, жоспардан 30 пайызға артта қалып келесіздер. «Қазақстан темір жолы» 23 млн тоннаның орнына небары 16 млн тонна тасымалдаған. Сондықтан, бұл мақсатты орындау сіздің жеке жауапкершілігіңізде», - деді Бектенов.

Премьердің сынына «ҚТЖ» басшысы «қабылданды» деп қысқа жауап берді.