Дәрігерлердің қауіпсіздігі үшін Үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінеді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қаражат есебінен медициналық маска, қолғап, қорғаныс костюмі және ПТР-тест сатып алынады

фото: Батыржан Беспаев

Пандемия кезінде алғы шепте жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдары үшін Үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Алғы шептегі қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарының резерві қалыптасты. Үкімет резервінен бұл мақсатта 7,2 млрд теңге бөлінді. Осы жұмыстар аясында 41 млн маска, 27 млн қолғап пен 379 мың қорғаныс костюмі және 1,2 млн ПТР-тест сатып алынады», - деді ол жиналыста.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта 2021 жылдың қыркүйегі мен ақпаны аралығы үшін қорғаныс құралдарының резерві жасалады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан