21.07.2020, 10:38
Үкімет
«СҚ-Фармация» өңірлерге қосымша 1 айға жететін дәрі-дәрмек жеткізсін – Мамин
Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге нақты 5 тапсырма жүктеді
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елімізде коронавирус бойынша жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді.
«Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың өсімі 2,1% пайызды құрайды. Кей өңірлерде одан да аз. Мысалы, Шымкентте– 1%, Қызылорда облысында – 0,9%, Түркістан облысында – 0,8%, Ақтөбе облысында – 0,5%. Қазіргі басты міндет – барлық өңірлердегі ауру жұқтыру деңгейін орнықты төмендету»,- деді ол бүгінгі Үкімет отырысында.
Үкімет басшысы ауылдық жерлердегі жағдайды жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылдау керектігін айтып, министрлер мен әкімдерге 5 тапсырма жүктеді.
- Денсаулық сақтау және индустрия министрлігі, әкімдіктер тамыз соңына дейін өңірлердегі ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен қажеттілікке сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.
- ДСМ әкімдіктермен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ветеринарлық зертханалар базасында коронавирусқа тестілеу жұмыстарын ұйымдастырсын және кадрлармен жасақтасын.
- Индустрия, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері шұғыл түрде өңірлерді көпшелі диагностикалық кешендермен, аудандық ауруханаларды цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз етсін.
- ДСМ әкімдіктермен бірге екі апта ішінде оттегі концентраторлары мен медициналық газдарды толық жеткізуді қамтамасыз етсін.
- «СҚ-Фармация» шілденің соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша 1 айға жететіндей етіп өңірлерге жеткізсін және дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін жоспарласын. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе облысы үлгісімен тұрақтандыру қоры құрылып, қажетті қор (запас) дайындалсын.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
02.02.2026, 09:01
Жеңіс Қасымбек жүкті әйелдер үшін сүйінші жаңалығын жеткізді
02.02.2026, 11:03
Астанада үш әйелден 5,5 млн теңге алып, оларды «TikTok»-та емдеген «тәуіп» алаяқ болып шықты