Коронавирусты анықтайтын жылжымалы зертханалар ауылдарға тек тамызда жетеді – ДСМ
Оның себебі сатып алу процесімен байланысты
Қазақстандағы алыс-жақын ауылдарға коронавирусты анықтайтын жылжымалы зертханалар тек тамыз айының ортасында жетеді. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы мәлім етті.
Сондай-ақ, вице-министр қазір ауылдық жерлерде ауырып жатқан халықтың қайда, қалай емделіп жатқанына қысқаша тоқталды.
«Ауылдағы науқастар аудандық ауруханалардың инфекциялық бөлімшелерінде емделіп жатыр. Аудандық ауруханаларда провизорлық станционарлар ашылды. Ауылдар арасында мобилді топтар жасақталған», - деді ол.
Ажар Ғиниятқызы ауыл тұрғындары коронавирусты анықтайтын зертхана сұрағанын да айтты.
«Ауылға зертханалар жетсінші деген халықтан сұрақ болған. Қазір жылжымалы зертханалар сатып алу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Сатып алу процестеріне байланысты, зертханалар тек тамыз айының ішінде ауылдарға жетеді», - деді ол.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан