Заңды мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 57А
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкін көшіру 1 шілдеге дейін жүзеге асырылды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласында Әйтеке би, 67 мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Д. Ғалиева тағайындалды», - делінген хаьарламада.
ҚРҰБ өкілдігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара іс-әрекетті жалғастырады.