Әзірге бұл үш банктің QR-ын қамтиды
Ұлттық Банк үш банкпен бірлесіп банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты. Жаңа жүйе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
30 қыркүйектен бастап сервис үш банктің клиенттері үшін қолжетімді болады. Төлем жасау үшін банктің мобильді қосымшасында сатушының терминалындағы QR-кодты сканерлеп, төлемді растаса жеткілікті.
Ұлттық Банктің мәліметінше, жаңа сервис банктер арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, төлем қызметтерінің қолжетімділігін арттырады.
Дереккөзге сүйенсек, болашақта бұл жүйеге басқа да қаржы ұйымдары кезең-кезеңімен қосылады деген жоспар бар.