Заң жобасы жыл соңына дейін Мәжілістің қарауына енеді
Ұлттық экономика министрлігі өткен аптада президент қол қойған жарлыққа сәйкес Алатау қаласы алдағы уақытта қалай дамитынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы 26 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойған. Президент Алатауға даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе берді.
«Арнайы мәртебенің негізгі бағыты – қызметтердің әртүрлі бағытында жаңа салаларға инвестиция есебінен Алатау қаласының жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін ерекше институционалдық ортаны қалыптастыру. Сондай-ақ, Жарлық аясында инвестиция тарту бойынша халықаралық тәжірибені қолдана отырып, Алатау қаласындағы қызметті басқару мен реттеуді, арнайы мәртебесін, стратегиялық және операциялық негізін құру қарастырылады. Жарлық аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес құру көзделген, ол стратегиялық шешімдерді қабылдайды және операциялық қызметке жауапты мемлекеттік қор – Alatau City Authority құрылады», - деп түсіндірді ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Бекжан Қисанов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Алатау туралы конституциялық заң жобасын әзірленеді.
Құжатта:
«Қазірг Ұлттық экономика министрлігі осы заң жобасын әзірлеу бойынша жұмысты бастап кетті және оны осы жылдың соңына дейін Парламент Мәжілісіне енгізеді», - деді Қисанов.
Министрлік Жарлықта қарастырылған шаралар Алатау қаласын іскерлік белсенділік пен инновациялық жаңа орталық ретінде дамытуға ықпал ететінін атап өтті.