24.09.2025, 13:52
Экономика
Қазақстанда мал өсіріп, ет сататындардың жасырын кірісін есептейтін жаңа тәсілі пайда болды
Жаңа тәсіл қайта сату үшін тауар әкелетін жеке тұлғалардың да жасырын кірісін көреді
Фото: istockphoto.com/Georgijevic
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін жасырын табысты есептейтін жаңа әдіс енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғары аудиторлық палата хабарлағандай, енді мемлекет көлеңкелі экономиканы дәл көріп отырады.
«Көлеңкелі экономиканы анықтайтын әдістер жаңарды. Жаңа тәсіл жасырын кірістерді дәлірек анықтауға мүмкіндік береді және заңсыз бизнестің жаңа нысандарын ескереді», - деп хабарлайды ЖАП.
Осы жаңа әдіс:
- тауарларды қайта сату үшін әкелетін жеке тұлғалардың;
- мал өсіретін, ет сататын, картоп және майлы дақылдар өсіретін шаруалардың;
- демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру, көлік жуу бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлердің;
- ҚР аумағында табыс табатын шетел азаматтарының жасырын кірістерін есепке алады.
«Мұның бәрі ресми статистикаға түспейтін кіріс көлемін дәл бағалауға мүмкіндік береді», - деп сендіріп отыр ЖАП.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды